енді үйреніп қалып едім, қайтатын уақыт келді. түрікше әжептәуір сөйлесе аламын. достарым көбейді. тек түріктер емес, тәжік, өзбек, афган, авар, гүржілер бар арасында. көбісі студент өйренджілер. осы жерді отаны санайды, осында қалғысы келеді көбісі. Анкарада да болдым, Стамбулдан кейін, провинция секілді көрінді, көшелерінде адам аз. Балыкесирге бардым, онда біздің Петербор мешітінде төрт жыл азаншы болған Хусейін аби тұрады, соның мусафирі болдым. қаласында пенсияға дейін имам болып істеген мешітін көрсетті. Ақтөбедей кішкентай қала.
қалааралық автобустың обслуживаниесі мен “Россия” авиакомпаниясының обслуживаниесін салыстырдым. автобус бірінші орында.
Стамбул қала көлігінің ақысын “акбиль”мен төлейсің. бізде домофонның кілті сондай. соған әдейі автоматтар арқылы ақша саласың.
автобус бір доллар. трамвай бір доллар. паром 75 қуруш (тиын). метробус біржарым доллар ұмытпасам. метробусқа өзіндік полоса берілген, сондықтан кейбір жерлерде сексен-тоқсанға дейін апарады жылдамдығын. метробус ол кәдімгі мерседес автобустары. барлық көліктерде үлкендерге, әйелдерге, жас келіншектерге орын беріп жатады. паромға мінген бойда шәй, кофе, симит сата бастайды.
Стамбул, Петербургтан үш-төрт есе үлкен менімше. жеке автоларда көп. бірақ жүргізу мәдениеті үлкен. жаяуларды постоянно пропускать етіп жатады. жылдамдықты қырық-елуден асырмайды. үш жетіде екі авто апатын көрген шығармын. біздің қаламен салыстырғанда әрине айырмашылық көзге батады. бізде орташа жылдамдық жетпіс-сексен. авария көп. мен барда Стамбулға қар жауды, автобус жүргізушілері көліктерін қалай айдау керегін ұмытып қалды. “Таксим”нен “Чамлыджа”ға төрт сағат дегенде жеттім. “Таксим”де “CHP”ға қарсы митингке тап болдым. (джһепе, джумхуриет халық партисі). жаман фотолары да бар.
Стамбулда адым бассаң магазин, кафе, шаштараз, киім жөндеу, магазин, кафе, шаштараз, базар. аяқ-киім тазалаушылар, арбаларына бигбэг салып алған қоқыс жинаушылар, симит (біздің бубликтің бір түрі) сатушылар, арбаларын сүйреген пилав (етсіз палау) сатушылар. сауда және қолыңнан келгенмен кәсіп жасауға жол ашық.
түріктер тазалық сүйеді. күні бойы жүрсең қолың еш кір болмайді. бізде дүкенге бір шығып келсең қолың кір болады. автобус, метро, паром қолың тиетін жерді бәрі таза. қалааралық автобустарда, кейбір кафелерде, қолыңа әтір су құяды. бәрі жақсы киінеді. бәрі дерлік ажарлы. тіпті бомждары мен алқаштары таза және ешқашан аш болмайтыны көрініп тұрады.
шалдар дініміз, тарихымыз туралы әңгіме айтады. Путинды сыйлайды, бәрі таниды. Ленин, Сталин, мұсылмандарға сүргін көрсеткені туралы айтады. шалдары осындай.
әзірше осы